"Қайрат" футбол клубының құрамы тағы бір легионермен толықты

Сурет: Instagram/f.c.kairat
Футболдан Қазақстанның төрт дүркін чемпионы "Қайрат" Финляндия құрамасының жартылай қорғаушысы Ойва Юкколамен келісімшартқа отырғанын жария етті. Келісім 2027 жылдың соңына дейін жарамды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жасы 23-тегі Юккола — финляндиялық "Ильвес" клубының түлегі. "Қайратқа" ауысқанға дейін осы командада өнер көрсетті.

Ол Финляндия жоғарғы лигасында негізгі команда сапында 2020 жылы, 18 жасында дебют жасады. Өткен маусымда Ойва 37 матч өткізіп, 8 гол соғып, 7 нәтижелі пас берді.

Жалпы "Ильвес" сапында жартылай қорғаушы 129 ойын ойнап, 21 гол соғып, 20 ассист берді.

2025 жылғы күзде Юккола Финляндия ұлттық құрамасында дебют жасап, Норвегияға қарсы матчта негізгі құрамда алаңға шықты.

"Қайраттың" жаңа ойыншысының трансферлік құны 450 мың евроға бағалануда. 

Бұған дейін алматылық "Қайрат" футбол клубы аргентиналық жартылай қорғаушы Себастьян Себальоспен келісімшартқа қол қойысқан болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін