"Адам болып қал". Головкин Шайдоровты құттықтады

Сурет: instagram.com/olympics
Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Михаил Шайдоровты Олимпиада медалімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортшылардың кездесуі Миланда марапаттау рәсімінен кейін өтті. Бұл туралы "24kz" телеарнасы өзінің Telegram-арнасында мәлімдеді.

"Сен енді олимпиадалық отбасының мүшесісің. Осыны мақтан тұт", – деді Головкин Шайдоровқа қарата.

Сонымен қатар Головкин медальдің кері жағы да бар екенін ескертті.

"Адам болып қал", – деп қорытындылады құттықтауын Геннадий Головкин.

Еске салайық, бұған дейін мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарының алтын жүлдегері атанғанын хабарлаған едік.

Қазақстан Италиядағы Олимпиада ойындарының медаль кестесінде 15-орынға көтерілді.

Vogue Italia журналы Михаил Шайдоровтың қысқа бағдарламада киген жарыс костюмі жоғары бағалады.

Шайдоровтың өзі бұл жеңісін Қазақстан халқына арнады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін