"Рыбакина сияқты ойнағым келеді": ресейлік теннисші отандасымыз жайлы пікір білдірді

Сурет: ktf.kz
23 жастағы ресейлік теннисші Юлия Авдеева өз ойын стилі қай үздік спортшыларға ұқсайтынын айтып берді. Ол Беларусь, Қазақстан және АҚШ өкілдерін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Чемпионат" басылымына берген сұхбатында Авдеева өзіне Елена Рыбакина, Арина Соболенко және Аманда Анисимованың ойынын тамашалаған ұнайтынын жеткізді.

"Олардың ойынындағы өзіме ұнайтын сәттерді есте сақтауға тырысамын. Менің ойыным нақты бір ойыншыға толықтай ұқсайды деп айта алмаймын, бірақ бойы ұзын теннисшілерге жақынмын. Тіпті Рыбакина мен Соболенкодан гөрі Анисимоваға көбірек ұқсаймын. Дегенмен, Рыбакина сияқты ойнағым келеді. Қазір менің басты артықшылығым – мықты алғашқы соққы және оң қапталдан соққы. Алдағы уақытта тор маңындағы ойынды және сол қапталдан соққыны жетілдіруге тырысып жатырмыз", – деді Авдеева.

Бұған дейін Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атануы мүмкін екенін жазғанбыз.

Ресей
Қазақстан
Рыбакина Елена

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін