"Қолдан келгеннің бәрін жасадық": қазақстандық фристайлшылар Олимпиададағы өнеріне баға берді

Сурет: olympic.kz
Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасының өкілдері Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиаданың финалына өте алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандастарымыз іріктеу кезеңінен кейінгі әсерлерімен бөлісті.

"Көңіл күй керемет. Жалпы, барлығы ұнады. Ауа райы да кедергі келтірген жоқ. Қолдан келгеннің бәрін жасадық. Нашар деп те айта алмаймын. Элементті таза орындап, жақсы секірдік деп ойлаймын.

Қарсыластар жоғары деңгейде дайындалған. Бұл Олимпиадада үздік 25 спортшы өнер көрсетті. Барлығымен таныспыз әрі бір-біріміздің орындайтын элементтерімізді де білеміз.

Алда өтетін додалаларға дайындаламыз. Болашақта сіздерді жаңа жеңістермен қуантамын деген ниеттемін", – деді спортшы.

Сондай-ақ Дінмұхаммед Райымқұлов өз өнеріне баға беріп, қателіктермен жұмыс істеу керектігін атап өтті.

"Көңіл-күй жақсы. Қолдан келгеннің бәрін жасадық. Өзіміздің үздік нәтижемізді көрсете алған жоқпыз. Мүмкін, бұдан да жоғары деңгейде дайындалу керек пе еді?

Осындай ауа райына бейімделгенбіз. Сондықтан ештеңе кедергі келтірген жоқ.

Алда қателіктермен жұмыс істеп, талдау жасап, бұдан да жақсы секіруге тырысамыз. Келесі Олимпиадада мықтырақ болып келеміз", – деді Дінмұхаммед Райымқұлов.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстандық жүк тасымалдаушыларға Ресеймен шекарада QR-кодты көрсету міндеттелгені ескертілді

Құрбан айт-2026: мереке қарсаңында қой бағасы қанша?

Құрбан айтта жасалатын амалдар мен тың деректер

Петропавлда қыз баланың аяғы жылу батареясының қуысына қысылып қалған – видео