Қазақстаннан 18 спортшы 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасына шақырту алды

Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасы 2026 жылы Сенегалдың Дакар қаласында өтетін жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында спорттың 11 түрі бойынша қатысу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазіргі таңда 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасына қатысушылардың тізіміне Қазақстаннан 18 спортшы енді.

Таеквондо

Жағажай волейболы

Тас жолдағы велоспорт

Триатлон

Семсерлесу

Брейкинг

Бокс

Дзюдо

Жүзу

Спорттық гимнастика

Жеңіл атлетика

Айта кетейік, берілген жолдамалар нақты спортшылардың атына бекітілмеген. Қазіргі уақытта ұлттық федерациялар тарапынан қатысуға ресми растау күтілуде.

Олимпиада жолдамаларын бөлу 1-6 сәуір аралығында Халықаралық Олимпиадалық комитеті бекіткен қатысу қағидаларына сәйкес, халықаралық федерациялармен бірлесіп жүргізіледі. Осы кезең аяқталғаннан кейін жолдамаларды қайта бөлу қарастырылған, ол 2026 жылдың 23 мамырына дейін жалғасады. Соның қорытындысы бойынша жас олимпиадашылардың толық құрамы анықталады.

Айта кетерлігі, Дакарда (Сенегал) өтетін дүбірлі дода тарихтағы төртінші жазғы жасөспірімдер Олимпиадасы болмақ және алғаш рет Африка құрлығында ұйымдастырылады.

Бұған дейінгі Олимпиадалардан айырмашылығы – 2026 жылы дәстүрлі іріктеу жарыстары өткізілмейді. Оның орнына жолдамалар Халықаралық Олимпиадалық комитеті мен халықаралық федерациялар арқылы бөлінеді.

Жарыстың жабылу салтанаты өтетін сәтте қатысушылардың жасы 17 жастан аспауға тиіс. Ал ең төменгі жас шегін әрбір халықаралық федерация өз талаптарына сәйкес жеке белгілейді.

Жасөспірімдер Олимпиадасы Дакарда 31 қазан мен 13 қараша аралығында өтеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі