Айбек Оралбай бокстан Азия чемпионатының 1/2 финалына өтті

Сурет: olympic.kz
Бокстан Қазақстан құрамасының өкілі Айбек Оралбай Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 90 келіден жоғары салмақтың ширек финалында өзбекстандық Арман Махановпен кездесті.

Үш раундтың қорытындысы бойынша Айбек Оралбай 4:1 есебімен басым түсті. Осылайша ол кем дегенде қола медальді өзіне қамтамасыз етті.

Айта кетейік, бұған дейін Ертуған Зейнуллинов (65 келіге дейін), Валентина Хальзова (75 келіге дейін) жартылай финалға өткен болатын. Сондай-ақ Оразбек Асылқұлов (60 келіге дейін) қарсыласы жарыстан бас тартқанына байланысты тікелей жартылай финалға шықты.

Ал Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін) және Лаура Есенкелді (65 келіге дейін) жарыс жолын аяқтады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жамбыл облысында Құрылтай сайлауы белсенді өтуде

Атыраудың күші: рекордшы сайлау учаскесі алдында КамАЗ көлігін сүйреді

Ақтөбелік шебер Әбілқайыр ханның мөрін қайта жасап шықты

Тоқаев жаңа қоғамдық әдеп қалыптастыру қажеттігін айтты

Сайлаушылардың көңіл күйі жақсы: "СОЦИС-А" супервайзері Жезқазғандағы экзитпол қалай өтіп жатқанын айтты