Валентина Хальзова 1/4 финалда мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Валентина Хальзова, Моңғолия, жартылай финал, Азия чемпионаты , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2026 15:42 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық боксшы Валентина Хальзова Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұрымды боксшымыз 75 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында оңтүстіккорелық Суен Сонмен қолғап түйістірді. Отандасымыз алғашқы раундтан-ақ басымдық танытып, қарсыласын екі мәрте нокдаунға жіберді. Ал екінші раундта Хальзова қарқынын арттырып, техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Осылайша ол кем дегенде қола медальді өзіне қамтамасыз етті.

Айта кетейік, Оразбек Асылқұлов (60 келіге дейін) қарсыласы жарыстан бас тартқанына байланысты тікелей жартылай финалға жолдама алды. Сондай-ақ Ертуған Зейнуллинов (65 келіге дейін) финалға шығу үшін бақ сынайды. Ал Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін) және Лаура Есенкелді (65 келіге дейін) жарыс жолын аяқтады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: