Екі алтын: Қазақстан триатлоннан Азия кубогында төрт жүлде жеңіп алды

Сурет: ҚР ҰОК
Филиппиннің Субик-Бей қаласында триатлоннан ересектер мен жасөспірімдер арасында Азия кубогы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ұлттық комитетінің мәліметінше, Қазақстан құрамасы жарысты төрт медальмен аяқтады.

Жасөспірімдер бәсекесінде Рамазан Әйнегов пен Алуа Нұрмұхамет алтын жүлде жеңіп алды. Ал Валерия Шнейдер мәре сызығын екінші болып кесіп, күміс медальға ие болды.

Ересектер арасындағы сайыста қазақстандық Дарын Қонысбаев күміс жүлдегер атанды.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасында нысана көздеуден Әлем кубогы кезеңінде үш алтын медаль жеңіп алғанын жазғанбыз. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

6 қарашада Астанада Ақаба процесі саммиті өтеді

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған