"Классик" Нұрасыл Аманалы Моңғолиядағы рейтингтік турнирде күміс медальға ие болды

Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан рейтингтік турнирде күміс жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

97 келіге дейінгі салмақта Нұрасыл Аманалы финалға дейін жетті. Алтын медаль үшін өткен белдесуде ол үндістандық Нитешпен күш сынасты.

Тартысты кездесуде 13:9 есебімен үндістандық балуан жеңіске жетті. Осылайша, Нұрасыл Аманалы турнирдің күміс жүлдегері атанды.

Сондай-ақ 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлде үшін белдескен Сұлтан Әсетұлы Қырғызстан өкілі Жанторо Мирзалиевтен жеңіліп қалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды