Спорттық гимнастикадан 2026 жылғы Азия чемпионатына Милад Каримидың неге қатыспайтыны белгілі болды

Сурет: olympic.kz
Қазақстанның ерлер құрамасының көшбасшыларының бірі, спорттық гимнастика шебері Милад Карими Қытайдың Цзуньи қаласында өтетін Азия чемпионатына қатыспайтын болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі бас бапкер Александр Кимнің сөзін келтіре отырып, спортшының жарақат алғанын нақтылайды.

"Милад Карими Бейжіңдегі бірлескен оқу-жаттығу жиынының екінші аптасының басында жарақат алды. Рентген кеуде тұсындағы қабырғасында жарық бар екенін көрсетті. Енді оның толық қалпына келуі үшін бірнеше апта қажет. Қатты ауырсынуды сезінбесе де, біз спортшының денсаулығына қауіп төндірмеуді жөн көріп, оның орнына құрама сапына Нұртан Идрисовты қостық. Сонымен қатар Қытайға Эмиль Ахмеджановты шақырттық. Ол қосалқы спортшы мәртебесінде болады. Әрине, бұл жағдай командаға әсер етті. Себебі Милад Азия чемпионатында Қытай, Жапония, Тайбэй және Филиппин құрамаларының әлемдік деңгейдегі көшбасшыларымен бәсекеге түсе алатын біздегі жалғыз гимнаст. Ертең жарыс басталады. Құрлық біріншілігінің біз үшін қалай өрбитінін алда көретін боламыз", – деді Александр Ким.

Айта кетейік, Қытайда өнер көрсететін спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының құрамы төмендегідей:

Цзуньидегі Азия чемпионаты 18-21 маусым аралығында өтеді.

Бұған дейін АҚШ Кабо-Верде қақпашысының анасына виза беру мәселесін қарастырып жатқанын жазғанбыз.

Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды