Қытайдағы турнирде Қазақстанның сегіз боксшысы медальға таласады

Сурет: olympic.kz
Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем кубогы кезеңінде ширек финалдық жекпе-жектер аяқталды. Кездесулер қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының жеті өкілі жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарыстың бесінші күніндегі кешкі сессияда шаршы алаңға үш қазақстандық боксшы шықты.

65 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Аида Әбікеева АҚШ өкілі Мария Росендоны жеңді. Ал 90 келіден жоғары салмақта өнер көрсететін Айбек Оралбай Ұлыбритания боксшысы Мэттью Уильямстан басым түсті. Өз кезегінде 51 келіге дейінгі салмақтағы Алуа Балқыбекова Үндістан өкілі Минакшиге есе жіберді.

Айта кетейік, күндізгі сессияда Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Абылайхан Жүсіпов (70 келіге дейін) және Виктория Графеева (60 келіге дейін) жартылай финалға шыққан болатын. Бұған дейін Назым Қызайбай (54 келіге дейін) мен Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) да 1/2 финалдағы орындарын қамтамасыз еткен еді. Ал Валерия Аксенова (80 келіге дейін) Әлем кубогы кезеңіндегі жарысын бірден жартылай финалдан бастайды.

Осылайша, Қазақстан құрамасының сегіз боксшысы кем дегенде қола жүлдені иеленеді. Жартылай финалдық жекпе-жектер 20 маусымда өтеді.

Бұған дейін бокстан Қытайдағы әлем кубогы кезеңінде Қазақстанның тағы үш өкілі жартылай финалға шыққанын жазғанбыз.

Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

+42 градус ыстық пен нөсер жаңбыр: синоптиктер дүйсенбідегі ауа райы болжамын ұсынды

Ақша айырбастау орындарындағы доллар бағамы жарияланды

2 тамыздағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

ҰБТ-да талапкерлерге Менделеев кестесінің қағаз нұсқасын пайдалануға рұқсат етілді

Сейсенбіде еліміздің бес өңірінде аптап ыстық болады - синоптиктер