Елена Рыбакина әлемнің 154-ракеткасына жол бере жаздады

Сурет: Instagram/LenaRybakina
30 маусымда кешке Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина теннистен Ұлыбритания Ашық чемпионатының алғашқы матчында өнер көрсету үшін Лондонның кортына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірінші матч өте ауыр болды, франциялық Луис Буассон мейілінше тойтарыс беріп бақты. WTA рейтингісінде 154-орында тұрған теннисші жерлесімізді, тіпті бір сетте ұтып кетті. Әбүйір болғанда, үш сетке созылған тартысты матчта Рыбакина 6:4, 1:6, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Екінші айналымда Рыбакина америкалық Кэти Макнэлли мен румыниялық Габриэла Русе арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Бұған дейін Қытайда стенд атудан Әлем кубогының кезеңі басталғалы жатқанын жазғанбыз.

Қазақстан
Ұлыбритания
Рыбакина Елена

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін