La Jornada басылымының мәліметінше, екі жанкүйер Мексика астанасында ұлттық құраманың әлем чемпионатының 1/16 финалында Эквадорды жеңгеннен кейін ұйымдастырылған жаппай мерекелеу кезінде көз жұмған.
Бұл ақпаратты Мехико қаласының Денсаулық сақтау департаменті де растады.
Зардап шеккендерге Ланкастер және Реформа көшелерінің қиылысында медициналық көмек көрсетілген. Алайда дәрігерлер олардың өмірін сақтап қала алмады. Алдын ала мәлімет бойынша, екі адамның да өліміне тұншығу себеп болған.
"Қаза тапқандардың қатарында 44 жастағы ер адам мен 19 жастағы бойжеткен бар. Оларға күрделі реанимациялық шаралар жүргізілді, алайда өкінішке қарай, оларды аман алып қалу мүмкін болмады", – деп мәлімдеді Мехико қаласының Денсаулық сақтау департаменті.
Қаза болғандардың жеке басын оқиға орнында олардың туыстары анықтады.
Бұған дейін Ұлыбритания құрамасы әлем чемпионатынан ұшып кете жаздағанын жазғанбыз.