Канье Уэстің концерті "Қайраттың" жоспарын өзгертті

Фото: Zakon.kz
Бүгін, 2026 жылғы 24 шілдеде "Қайрат" футбол клубының баспасөз қызметі Еурокубоктардың үшінші іріктеу кезеңіндегі матчтың өтетін орны ауысатыны туралы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы клубының мәліметінше, 14 тамызда Алматының Орталық стадионында Канье Уэстің концерті өтетініне байланысты, бұл күн клубтың Еурокубоктағы үшінші іріктеу кезеңіндегі үй матчымен сәйкес келіп отыр.

Осыған байланысты "Қайраттың" негізгі аренасы кездесуді өткізуге қолжетімсіз болады.

"Қалыптасқан жағдай мен еурокубок күнтізбесінің тығыздығын ескере отырып, клуб УЕФА-ға үшінші іріктеу кезеңіндегі ықтимал өз алаңындағы матчтың өтетін орнын ауыстыру туралы өтініш жолдады. Өтініш қаралғаннан кейін кездесуді Түркістан қаласындағы "Түркістан Арена" стадионында өткізуге келісім берілді", – делінген "Қайрат" ФК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жанкүйерлерге матчтың нақты күні мен уақыты, сондай-ақ билеттер сатылымының басталуы команда қай кезеңде өнер көрсететіні анықталғаннан кейін қосымша хабарланатыны айтылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бірыңғай QR-код арқылы төлем жасағанда комиссияны кім төлейді – банк пе, сатушы ма, әлде сатып алушы ма

Қазақстанда әскери есепке алу ережелері өзгерді

ҰТО "грантқа түсіреміз" деген хабарламаларға қатысты ескерту жасады

Қазақстанда қайтадан +42°С ыстық болады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді