Бибісара Асаубаева АҚШ-тағы турнирде алғашқы жеңісіне жетті

Сурет: Instagram/bibisarachess
АҚШ-тың Сент-Луис қаласында шахматтан жыл сайын өтетін алтыншы Cairns Cup 2026 супертурнирі өтіп жатыр. Төртінші турда қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Швейцария атынан өнер көрсететін, ФИДЕ рейтингінде 12-орында тұрған Александра Костенюкпен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

sportarena.kz мәліметінше, қазақстандық шахматшы бұл ойында ақ фигуралармен ойнап, турнирдегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Бірінші турда Асаубаева Украина өкілі Анна Музичукке қарсы ойнап, тең түскен болатын.

Екінші турда қазақстандық шахматшы Үндістан өкілі Рамешбабу Вайшалимен кездесіп, тағы да тең нәтиже көрсетті.

Үшінші турда Асаубаева америкалық Элис Лиге қарсы ойнап, бұл партия да тең аяқталды.

Төрт турдан кейінгі турнир кестесі:

  1. Тань Чжунъи (Қытай) – 3,5 ұпай;
  2. Бибісара Асаубаева (Қазақстан) – 2,5 ұпай;
  3. Дивья Дешмух (Үндістан) – 2,5 ұпай;
  4. Ставрула Цолакиду (Грекия) – 2,5 ұпай;
  5. Элис Ли (АҚШ) – 2,5 ұпай;
  6. Анна Музичук (Украина) – 2 ұпай;
  7. Кларисса Ип (АҚШ) – 2 ұпай;
  8. Конеру Хампи (Үндістан) – 1,5 ұпай;
  9. Вайшали Рамешбабу (Үндістан) – 1 ұпай;
  10. Александра Костенюк (Швейцария) – 0 ұпай.

Айта кетейік, турнирдің жүлде қоры 250 мың долларды құрайды.

Бұған дейін Елена Рыбакина Торонто турнирінің финалында Ига Швентекке есе жібергенін жазғанбыз.

АҚШ
Асаубаева Бибісара

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Жасырын зауыт пен жеке теміржол тұйығы: Ұлытау облысында марганец кені заңсыз экспортталған

Алматы облысына қарасты бір ауылда тұрғындар газ құбырын аттап өтіп жүр

Рим маңындағы оқ-дәрі шығаратын зауытта жарылыс болып, алапат өрт тұтанды

Тоқаев мәдениет саласында стипендиялар тағайындады