Sportarena.kz мәліметінше, Елена Рыбакина әлемдік WTA рейтингінде төртінші орында тұрған америкалық Коко Гауффпен кездеседі.
Ширек финалда Гауфф ресейлік теннисші, әлемнің бесінші ракеткасы Мирра Андрееваны үш сетте жеңді. Есеп – 2:6, 7:6 (9:7), 6:2.
Матч 2 сағат 21 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Гауфф төрт эйс жасап, 12 рет қосарланған қателік жіберді және бес брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Ал Андреева үш эйс жасап, бес қосарланған қателік жіберді және тоғыз брейк-пойнттың төртеуін жүзеге асырды.
Жартылай финалдық кездесулер 2026 жылғы 10 қыркүйектен 11 қыркүйекке қараған түні өтеді.
Елена Рыбакина 2026 жылғы 9 қыркүйекте US Open турнирінің ширек финалында қытайлық Циньвэнь Чжэнді жеңіп, Қазақстан тарихында алғаш рет WTA әлемдік рейтингінің көшін бастайтын болды.
Осыдан кейін бірден Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық теннисшіні әлемніңбірінші ракеткасы атануымен құттықтады. Ол Елена Рыбакинаның есімі әлемдік теннис тарихына енгенін атап өтті.