32 мемлекеттен 300-ге жуық спортшы қатысқан додада Қазақстан намысын Auyl Sport жобасының 6 спортшысы қорғады. Нәтижесінде ауылдан шыққан бес жас балуан жүлде тұғырына көтерілді.
Алтын
- Асанов Явуз – Алматы облысы, Іле ауданы, Екпінді ауылы
- Тажаддин Ерасыл – Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылы
Күміс:
- Серік Амир – Атырау облысы, Тасқала ауылы
- Ясыров Сұлтан – Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Сортөбе ауылы
- Аманбай Берік – Алматы облысы, Іле ауданы, Байкент ауылы
Ал Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Софиевка ауылынан келген Омархан Әділ де халықаралық додада Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсетті.
Сурет: қордың баспасөз қызметі
Осы нәтижелердің арқасында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте І орын иеленді.
Жарыстан кейін жас балуандар үшін екі күндік халықаралық оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылды. Қазақстан құрамасының U15–U17 жас санатындағы аға жаттықтырушысы Айдос Лекеров, АҚШ пен Грекияның аға жаттықтырушылары тәжірибелерін бөлісті.
Сурет: қордың баспасөз қызметі
Айта кетейік, ауыл балаларының спортпен кәсіби айналысуына мүмкіндік беретін Halyk қайырымдылық қорының Auyl sport жобасының биыл үшінші маусымы басталып жатыр. Жоба 2024 жылы басталды. Осы уақытқа дейін жоба 20 мыңға жуық ауыл баласын қамтыды. Биыл жобаның үшінші маусымы басталып, ауыл балаларына спорттағы жаңа мүмкіндіктер мен үлкен жеңістерге жол ашып отыр.