Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті

Сурет: Instagram/bibisarachess
Қазақстан әйелдер құрамасының шахматтан көшбасшысы Бибісара Асаубаева Үндістанның Бангалор қаласында өтіп жатқан Tech Mahindra Global Chess League-2026 командалық турнирінің сегізінші турында алғаш рет жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz мәліметінше, FYERS American Gambits командасы сапында өнер көрсетіп жүрген қазақстандық шахматшы ресейлік Полина Шуваловамен кездесіп, алғашқы ойындағы 0:3 есебімен жеңілісінің қарымтасын қайтарды.

Асаубаева Ganges Grandmasters командасына қарсы өткен матчтың үздік ойыншысы деп те танылды. Қазір Бибісараның еншісінде бір жеңіс, төрт тең ойын және үш жеңіліс бар. Сегіз турдан кейін FYERS American Gambits командасы турнир кестесінде екінші орында тұр.

Жалпы жүлде қоры 1 миллион долларды (454 млн теңге) құрайтын Global Chess League-2026 турнирі Үндістанда 13 қыркүйекке дейін жалғасады.

Бұған дейін Асаубаеваның Үндістандағы Global Chess League турнирінің алты турының ешқайсысында жеңіске жете алмағанын жазған едік.

Қазақстан
Асаубаева Бибісара

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді