Қазақстандық спортшы Дарын Қонысбаев ерлер арасындағы бәсекеде алтын медаль жеңіп алды. Отандасымыз жарыс жолын 1:00:49 уақытта бағындырды.
Григорий Антипов (Ресей) күміс медальға ие болды – 01:01:01. Тағы бір ресейлік спортшы Алексей Петровский үздік үштікті түйіндеді – 01:01:17.
Ал Рамазан Әйнегов 20-орын, Елмұрат Қанай 25-орын, Нұрасыл Сапарбек 26-орын, Федор Кузнецов 30-орын, Арсений Шевченко 31-орын, Матвей Шевнин 35-орын, Әлинаби Маралбеков 40-орынға тұрақтады.
Әйелдер арасында үздік нәтижені Алуа Нұрмұхамет көрсетті. Ол 14-орынға ие болды. Ал Калерия Шнейдер 18-орын, Арина Шульгина 19-орын, Рамина Агабаев 20-орын, Вероника Иванюк 22-орынға жайғасты.