Sportarena.kz мәліметінше, Шарлотт қаласы WTA қорытынды турнирін 2027 жылы ғана емес, кейінгі жылдары да өткізеді. Жарысты өткізу туралы ақпаратқа сәйкес, америкалық қала 2028 және 2029 жылдардағы турнирлерге де жарыс алаңы болады.
"Алда жаңа кезең күтіп тұр! Солтүстік Каролина штатындағы Шарлотт қаласы WTA қорытынды турнирінің жаңа мекеніне айналады! Бұл дода маусымдағы үздік ойыншыларды жекелей және жұптық сында біріктіріп, әйелдер теннисіндегі ең беделді атақты сарапқа салады", – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ал WTA-ның қорытынды турнирі америкалық қала – Индиан-Уэллсте өтеді. Жарыс 2026 жылдың 8-15 қарашасына жоспарланған.
Бастапқыда ұйымдастырушылар турнирді Сауд Арабиясында өткізуді жоспарлаған, алайда кейін оны АҚШ-қа ауыстыру туралы шешім қабылданды.