Турнир қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар бірден 66 медаль жеңіп алды:
- 25 алтын
- 20 күміс
- 21 қола
ҚР Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, 25 ең жоғары санаттағы жүлденің арқасында еліміз бірінші орынды сенімді түрде иеленді. Екінші орынға 12 алтын медальмен Сербия жайғасса, үшінші сатыда 10 алтын еншілеген Әзірбайжан құрамасы тұрақтады.
WAKO әлем чемпионатының рингтік бағдарламасына фулл-контакт, лоу-кик және K1 дисциплиналары кіреді. Италияда өткен әлем чемпионатында балалар, кадеттер мен жасөспірімдер сияқты әр түрлі жас санаттарының спортшылары жүлде үшін таласты.
Осылайша, Қазақстан әлем чемпионатын 25 чемпион және рингтік дисциплиналардың медальдік есебінде бірінші орын көрсеткіштерімен аяқтап, алтын медальдар саны бойынша өзінен кейінгі қарсыласынан екі еседен астам асып түсті.
Әлем чемпионаты 18-27 қыркүйек аралығында өтті.
Бұған дейін Ясмина Токсанбаева Қазақстанға Азия ойындарының тоғызыншы "алтынын" сыйлаған болатын.