Sportarena.kz басылымының жазуынша, теннисші бұл сұраққа WTA үшін түсірілген бейнероликте журналистердің сұрағына жауап берген.
"Сабырлы, жарысқанды жақсы көретін, сүйкімді", – деді Рыбакина.
Жақында Рыбакина Бейжіңде өткен WTA-1000 турнирінің екінші айналымында әлемдік рейтингте 118-орында тұрған армениялық Алина Чараевадан 6:3, 4:6, 3:6 есебімен жеңіліп қалды.
Қазақстандық теннисші 2026 жылғы 14 қыркүйекте US Open – 2026 турнирінде жеңіске жеткеннен кейін WTA рейтингінде бірінші орынға көтерілді. АҚШ ашық чемпионатының финалында ол Беларусь өкілі Арина Соболенконы 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңді.
Бұған дейін Соболенко мансабындағы ерекше оқиғаға байланысты жанкүйерлеріне үндеу жасағаны туралы жазған едік.