Юсуф Ашрапов пен Айбек Айтбеков 23 жасқа дейінгі балуандар арасында грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды.
72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Юсуф Ашрапов жарыс кезеңдерінен сенімді өтіп, финалда Армения өкілі Гаспар Тертерянмен кездесті.
Тартысты белдесуде қазақстандық балуан 4:3 есебімен жеңіске жетіп, алтын медаль иеленді.
Ел қоржынына тағы бір алтынды 60 келіге дейінгі салмақтағы Айбек Айтбеков салды. Ол турнирдегі барлық белдесуінде жеңіске жетіп, Отанына алтын жүлдемен оралатын болды.
Жартылай финалда Айбек украиналық балуан Евген Поковбаны 5:4 есебімен жеңсе, шешуші белдесуде әзербайжандық Эльмир Алиевтен 13:4 есебімен басым түсті.
Бұдан бөлек, Қазақстан құрамасының тағы екі өкілі әлем чемпионатының жүлделері үшін күресін жалғастырып жатыр.
87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Темірлан Тұрдақын финалға шықты. Ол шешуші белдесуде Иран өкілі Ясин Али Яздимен кездеседі. Ал Джохар Узаров (130 келі) 2026 жылғы әлем чемпионатының қола медалі үшін белдеседі.
Ал бір күн бұрын "Реалдың" ең көп титул иеленген қорғаушысы Карвахаль "Хетафеге" ауысты.