Отандасымыз 67 келіге дейінгі салмақтың қола жүлдесі үшін өткен белдесуде Париж Олимпиадасының қола жүлдегері әзірбайжандық Хасрат Джафаровпен күш сынасты.
Нәтижесінде Бағдат Сабаз қарсыласынан 8:5 есебімен басым түсіп, жарыста қола медаль жеңіп алды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен әлем чемпионатын үш қола медальмен аяқтады.
Бұған дейін Исхар Курбаев (55 келі) және Айдос Сұлтанғали (60 келі) үздік үштіктен көрінген еді.