61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін отандасымыз жартылай финалда Иран өкілі Ахмад Масуд Мохаммаднежаджаванмен белдесті.
Тартысты кездесуде ирандық балуан 3:1 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Асыл Айтақын елімізде өтіп жатқан әлем чемпионатында қола медаль үшін күресетін болды.
Бұған дейін дзюдошы Талғат Орынбасар Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанғаны хабарланған.