Әйелдер күресінен 59 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз қола медаль үшін өткен белдесуде Моңғолия өкілі Болортуя Хурэлхуумен кездесті.
Нәтижесінде моңғолиялық балуан 8:0 есебімен жеңіске жетті.
Ал Алтын Шагаева әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады.
Бұған дейін Астанадағы Әлем чемпионатында еркін күрес шебері Асыл Айтақын жартылай финалда жеңілгенін, бірақ "қолаға" таласатынын жазғанбыз.