Отандық ауыр атлет әлем чемпионатында алтыншы орын иеленді

Сурет: olympic.kz
Қазақстандық ауыр атлет Любовь Ковальчук Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатындағы жарысын аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 86 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, қоссайыстың қорытындысы бойынша алтыншы орынға тұрақтады.

Ковальчук жұлқа көтеруде 116 келіні бағындырса, серпе көтеруде 147 келіні еңсерді. Осылайша, спортшының жалпы нәтижесі 263 келіні құрады.

Бұл салмақта Қытай өкілі Ли Янь 317 келі (147+170) нәтижесімен әлем чемпионы атанды. Оңтүстік Корея спортшысы Пак Хе Джон 286 келімен күміс медаль иеленсе, оның отандасы Ким Хе Ен 277 келіні көтеріп, қола жүлдеге қол жеткізді.

Бұған дейін мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде үздік бестіктің қатарынан көрінгені хабарланған.

Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады

Қарашада үш жұлдыз белгісінің өмірі түбегейлі өзгеруі мүмкін

ҚазҰУ журналистика факультетінің бірінші курс студенті қаза тапты

Қазгидромет 8 қарашада жауын-шашын мен көктайғақ болатынын ескертті

Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертіледі