Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақта мексикалық Хорхе Луис Ньеблас Гутьерреспен жұдырықтасты.
Үш раундтың қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен 5:0 есебімен басым түсті. Осылайша Бибарыс Әшірбай Олимпиада ойындарының алтын медалі үшін бақ сынайды. Оның финалдағы қарсыласы кейінірек анықталады.
Айта кетейік, бұған дейін Ақнұр Тұрсынғали (57 келі) ақтық сынға өткен еді.