63 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі ширек финалда отандасымыз Бразилия өкілі Рафаэла Мейреллес да Костамен кездесті.
Любовь Юн айқын басымдық танытып, екі раундта да жеңіске жетті. Алғашқы кезеңде 7:2, екінші раундта 11:2 есебімен басым түсті. Осылайша, жалпы есепте 2:0 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды. Енді қазақстандық спортшы финалға шығу үшін сербиялық Эма Зечировичпен кездеседі.
Айта кетейік, Любовь Юн – жасөспірімдер Олимпиадасы-2026 аясында таеквондодан Қазақстан атынан сынға түсіп жатқан жалғыз спортшы.
Айта кетейік, бұған дейін бокстан Ақнұр Тұрсынғали (57 келі), Бибарыс Әшірбай (70 келіге дейін) ақтық сынға өткен еді.