Таеквондошы Любовь Юн жасөспірімдер Олимпиадасында қола медаль иеленді

Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстан құрамасының өкілі Любовь Юн Сенегалдың Дакар қаласында өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық спортшы 63 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Жартылай финалда ол Сербия өкілі Эма Зечировичпен кездесті.

Жекпе-жекте сербиялық спортшы 2:0 есебімен жеңіске жетті. Бірінші раундта Любовь Юн 4:18 есебімен, екінші раундта 4:14 есебімен жол берді.

Жарыс ережесіне сәйкес, жартылай финалда жеңілген қос спортшы да қола жүлдегер атанады. Осылайша, Любовь Юн жасөспірімдер Олимпиадасын үшінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, қазақстандық таеквондошы жартылай финалға дейін екі қарсыласынан басым түсті. Алғашқы кездесуінде Норвегия спортшысы Сара Наташа Фемер-Педерсенді (2:0) жеңсе, ширек финалда Бразилия өкілі Рафаэла Мейреллес да Костаны (2:0) тізе бүктірді.

Осылайша Қазақстан құрамасының қоржынында төрт жүлде бар. Бұған дейін дзюдошы Фатима Сұпығалиева (52 келіге дейін) мен велошабандоз Әнел Тәшбай алтын медаль иеленсе, триатлоншы Рамазан Әйнегов қола жүлдеге қол жеткізген еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жылусыз, сусыз бірақ алтынға бай: әлемдегі ең биік қалаға адамдар неге ағылып жатыр

Алматы әкімдігі нөсерден кейінгі жағдайға түсініктеме берді

ІІМ электромобильдерге арналған мемлекеттік нөмір үлгілерін бекітті

Үкімет Алматы және Астана агломерацияларының құрамын өзгертті

Давид Лория әкесіне іздеу жарияланғаннан кейін мәлімдеме жасады