Батырхан Төлеуғали таеквондодан Астанадағы Гран-приде әлем чемпионын жеңді

Сурет: olympic.kz
Таеквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Батырхан Төлеуғали елордада өтіп жатқан Гран-при финалының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық таеквондошы 80 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында 2025 жылғы әлем чемпионы Энрике Маркес Родригеспен (Бразилия) кездесті.

Алғашқы кезеңде Батырхан 4:2 есебімен басым түсті. Ал екінші раунд 5:3 есебімен бразилиялықтың пайдасына аяқталды. Дегенмен үшінші кезеңде отандасымыз тізгінді өз қолына алып, 11:5 есебімен жеңді.

Енді Батырхан Төлеуғали Гран-придің жартылай финалына шығу үшін бақ сынайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Мысыр Президентіне көңіл айтты

Жамбыл облысында прокурорлар қайталама қылмыстың алдын алу бойынша форум өткізді

Қыс қаһарына мінеді: елдің 17 облысында дауылды ескерту жарияланды

Бокстан әлем кубогының кезеңі: қазақстандықтардың алғашқы қарсыластары белгілі болды

Дауылды жел соғып, қалың қар жауады: 28 қарашаға арналған ауа райы болжамы