Қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова ақтық сынға жолдама алды.
Отандасымыз 57 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Наталья Шадринамен (Сербия) жұдырықтасып, 4:1 есебімен басым түсті.
Осылайша Карина Ибрагимова әлем кубогының алтын жүлдесі үшін бақ сынайды.
Айта кетейік, финалдар 3 желтоқсанға жоспарланған.