70 келіге дейінгі салмақта отандасымыз Қырғызстан өкілі Ихтиер Нишоновпен қолғап түйістірді.
Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен Тоқтасынов 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, отандасымыз жартылай финалға жолдама алып, кем дегенде қола жүлдені еншіледі.
Айта кетейік, бұған дейін Карина Ибрагимова (57 келіге дейін) турнирдің финалына шыққан болатын.