Загреб аспанында жарылған ірі метеор видеоға түсіп қалды

видеодан кадр
Біраз үйлердің терезесі дірілдеп кетті.

Хорватия астанасының үстінен ірі метеор ұшты. Видео қолдан-қолға жылдам тарап жатыр, деп хабарлайды zakon.kz mail.ru-ға сілтеме жасап

Загреб тұрғындары аспаннан жарқ еткен жарықты көріп, гүрс еткен жарылысты естіді. Біраз үйлердің терезесі дірілдеп кетті.

Сейсмографтар бұл жарылысты басында жер сілкінісі деп тіркеген. Ал Хорватияның астрономиялық одағы (CAU) оның болид болғанын – жарылған нысанның метеор екенін растады.

Болид сондай-ақ Италияның солтүстігінде, Словения мен Австрия тұрғындарына көрінді. CAU деректерінше, метеор жерден 30 шақырым биіктікте жарылды. Астрономдар аспаннан түскен тастың кей бөлшектері атмосферадан аман қалып, Жерге түсуі мүмкін екенін айтады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты