Шетелдіктер арасында қазақтың ұлттық тағамдарынан қайсысы танымал

Сурет: Zakon.kz
Отандық туроператорлар жүргізген сауалнамаға сай, шетелдік қонақтар арасында ең танымал ұлттық тағам – қазақша ет. Бұл ұлттық тағам еліміздің барлық қалалары мен демалыс орындарында беріледі.

Туристердің талғамына сай жылқы, сиыр немесе қой еті асылады. Ал Қазақстанның батысында балықтан жасалатын "фишбармақтың" дәмін татуға болады.

Екінші орында – бауырсақ. Еліміздің әр өңірінде ұннан жасалатын өнімнің өзіндік рецепті бар. Ал оның ішіндегі "шибауырсақты" туристер өздерімен бірге кәдесый өнімі ретінде алып кетеді екен. Себебі оны тасымалдау өте ыңғайлы.

Құрметті үшінші орында – қазы. Жылқының қабырға етін тұздап, бұрыш қосып жасалатын шұжық. Әдетте ет асқанда қазы бірге беріледі.

Туристердің талғамы бойынша бұдан кейінгі орында ұлттық тәттілер – жент және қызыл ірімшік тұр. Көптеген кәсіпкерлер туристерге бұл десертті әдемі сыйлық жиынтығы ретінде кәдесый етіп сатып алуды ұсынады.

Қызыл ірімшілік – тәтті сүзбе. Әзіл ретінде бұл тағамды "қазақстандық рафаэлло" деп те атайды. Ол түрлі тәтті ингредиенті бар сүзбеден дайындалады. Қазақстанның кейбір өңірлерінде бал, ал басқа өңірлерде қант немесе тосап қосып дайындайды.


"Сонымен қатар тұтыну өнімі ретінде және кәдесый ретінде қазақстандық шоколад өте танымал. Біздің ұлттық тағамдарымызды еуропалық және ТМД аумағынан келген туристер жақсы таниды. Шетелдіктер тарапынан үлкен сұранысқа ие", - деді ҚР Туризм және спорт министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды