Қазақстанда қыркүйекте пәтерді жалға алу 47% қымбаттады

Мысалы, тұрғын үйдің бір шаршы метрін жалға алудың орташа бағасы қыркүйекте 4612 теңге болды. Салыстыру үшін: тамызда бұл баға 4029 теңге болған еді.
Бұл ретте ең жоғары жалға алу бағасы Алматыда тіркелген – 5 611 теңге/м2.
Сонымен қатар Астана және Ақтау қалаларында да жоғары бағалар байқалады: сәйкесінше 4 485 теңге/м2 және 3 253 теңге/м2.
Жалға берілетін тұрғын үйдің ең төменгі бағасы Қызылорда – 1 797 теңге/м2, Тараз – 1 809 т/м2 және Жезқазған – 1 845 теңге/м2 қалаларында тіркелді.
Статистика мамандарының мәліметінше, бір ай ішінде Қостанайда жайлы тұрғын үйді жалдау айтарлықтай өсті – бірден 42,6%, Петропавл бағаның өсуі бойынша екінші орында – 27%. Үздік үштікке бір айда жалға берілетін тұрғын үй бағасы 21% өскен Қарағанды да кірді.
Бұл ретте жалға берілетін тұрғын үй бағасының шамалы өзгеруі Түркістанда – 0,6%, Талдықорғанда – 3,5%, Шымкентте – 3,9% және Қызылордада – 4,3% байқалды.
Бұдан бұрын хабарланғандай, қыркүйекте жылдық инфляция 17,7% болды. Тұтыну бағаларының индексі құрылымында бір жылда ақылы қызмет көрсету 12,3% өсті.