Жаңалықтар тізбегі
0

"Алматы облысындағы екі баланың өлімі жаныма қатты батты". Оқу-ағарту министрі үндеу жасады

Шұғыл кеңес, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2023 17:41 Сурет: gov.kz
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім басқармаларының, аумақтық департаменттердің, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшыларымен шұғыл кеңес өткізді. Оған соңғы уақытта жасөспірімдер арасында жәбірлеу жағдайларының жиілеуі түрткі екені нақтыланады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған кеңесте Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев үндеу жасады.

"Соңғы уақытта жасөспірімдер арасында жәбірлеу жағдайлары жиілеп отыр. Түркістан, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында болған оқиғалар ешкімді бей-жай қалдырмағаны белгілі. Алматы облысындағы екі баланың өліміне себеп болған қайғылы оқиға жаныма қатты батып отыр. Балалардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын". Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев

Министрдің айтуынша, бір өкініштісі жәбірлеу кең таралған құбылыстардың біріне айналып бара жатыр. Жасөспірімдердің жан түршігерлік қылығы мен бір-біріне қатыгездік танытуы ақылға сыймайтын дүние.

"Бізге - педагогтер қоғамдастығы мен азаматтық қоғам, ата-аналар – балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауға, өскелең ұрпақтың өміріне демеу болар құндылықтарын қалыптастыру жолында бүкіл ресурсымызды жұмылдырып, бала тәрбиесінде бірлесе қимыл жасау қажеттілігі туындап отыр", - дейді ол.
"Сондай-ақ Ішкі істер министрімен және әкімдікпен байланыстамыз. Жергілікті жерде құқық қорғау органдары тергеу іс-шараларын жүргізуде, комиссия жұмыс істеуде. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу, олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жолындағы кешенді жоспар әзірлеу жөнінде бірқатар жұмыс атқарылып жатыр. Министрлік заңнамалық базаны жетілдіру жұмысын да жүргізіп келеді. Баланың жәбірленуден қорғануға құқығы бекітілді. Ол үшін Балалар арасындағы жәбірлеудің алдын алу ережесі, Мектептердің психология қызметтің жұмыс ережесі, Балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездік фактілерін анықтау және олармен жұмыс істеу алгоритмі қабылданды". Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев

Еліміздің әр өңірінде Бала құқықтары жөніндегі уәкілдер жұмыс істеуде. Олардың байланыс нөмірлері @oqu_agartu_ministrligi парақшасында жарияланды. Балалар мен ата-аналарға жедел көмек көрсету үшін "Бала қорғау" телеграм-чаты жұмыс істеп тұр.

"Осы шаралардың бәрі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде бірыңғай тәсілдерді қалыптастыруды көздейді.Балалардың қауіпсіздігі ҚР Оқу-ағарту министрлігі жұмысының ең маңызды бағыты әрі басты назарында болып қала береді", - деді министр.

Аталған шұғыл кеңес қорытындысы бойынша министр тәрбие жұмысы және ата-аналар жұртшылығымен өзара іс-қимылды күшейту бойынша тапсырмалар берді.

Айта кетсек, Алматы облысы Саты ауылында төбелес кезінде 10-сынып оқушысы көз жұмды. Көп ұзамай осы ауылда тағы бір оқушының өзіне қол салғаны белгілі болды. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: