Астанада Абылайхан даңғылындағы автобусқа арналған жолақпен көліктердің қозғалысы уақытына өзгеріс енгізілді

Қоғамдық көлік, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.04.2023 21:26 Сурет: Zakon.kz
22 сәуірден бастап Пушкин көшесінен Манас көшесіне дейінгі учаскеде Абылай хан даңғылы бойында қоғамдық көлікке бөлінген жолақпен автомобильдердің қозғалу уақытын өзгерту жоспарланып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл қала тұрғындарының мобильділігін жақсарту, жедел жәрдемнің, арнайы қызметтердің және өрт сөндіру техникасының кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жасалады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі елорданың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына сілтеме жасап хабарлады.

Қоғамдық көліктен басқа барлық автомобильдерге жұмыс күндері сағат 06.30-дан 20.00-ге дейін арнайы жолақпен жүруге тыйым салынады. Сенбі, жексенбі және мереке күндері көліктерге Bus Lane арқылы жүруге рұқсат етіледі.

Инновация қала ішіндегі автомобиль ағынын тиімді құру үшін, сондай-ақ қарбалас сағаттардан тыс және демалыс күндері арнайы бөлінген автобус жолақтарын пайдалану мәселесін шешу үшін тестілік режимде енгізілуде.

Жол қозғалысының барлық қатысушыларынан сақ болуы және өз бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Жүргізушілер белгіленген жол белгілерін басшылыққа алып, ҚР Жол қозғалысы ережелерінің талаптарын сақтауы қажет.

Айта кетсек, 18 сәуірде елордада бес автобус өзінің жүріс бағытын уақытша өзгертетіні белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: