Жалпықалалық сенбілікте 15 мың шаршы метрден астам қоқыс жиналып, 5 мың көшет отырғызылды
Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
82 мың алматылық Almaty Clean & Green экоакциясына қатысты
Қала әкімі Ерболат Досаев екі жердегі – Баум тоғайы мен Медеу ауданындағы экоакцияға қатысты. Әкімнің айтуынша, қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялауға бағытталған мұндай акциялар мегаполисте жақсы дәстүрге айналуға тиіс.
Акцияға 82 мыңнан астам адам қатысып, 5 мың көшет егіліп, 15 мың шаршы метрден астам қоқыс жиналды.
Экологиялық акцияны амбассадорлар, танымал әртістер бірауыздан қолдады.
Игі бастамаға аудандық әкімдіктер де атсалысып, өздерінің аумағында коммуналдық қызметпен бірлесіп, жергілікті жерде сенбілік өткізді.
Акция барысында қаланың барлық ауданында 26 аумақ тазартылды.
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты мен Алматы әскери-техникалық мектебінің курсанттары да Clean & Green әлемдік форматындағы сенбілікке қатысты.
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарының 100-ден астам курсанттары жалпықалалық сенбілікке қатысып, қоршаған ортаны қорғау шарасына белсенді ат салысты.



