Шымкентте қатты күйік шалған 10 жасар балаға 19 рет ота жасалған
2022 жылы 9 қарашада Шымкент қаласындағы теміржол вокзалының жанында болған оқыс оқиға кезінде зардап шеккен баланың жағдайы туралы ақпаратпен ҚР Денсаулықтау сақтау министрлігі Facebook-тегі парақшасында бөлісті.
Бүгінгі таңда дәрігерлер ауыр жағдайда жеткізілген пациентке 13 рет теріні ауыстыру операциясын және 6 некрэктомия жасады. Денесі толық күйіп қалған бала шамамен 3 ай қалалық балалар клиникалық ауруханасының реанимация бөлімшесінде болды және палатаға ауыстырылды.
Шымкент қаласындағы балалар клиникалық ауруханасының комбустиолог дәрігері бұл жағдай туралы айтып берді.
"Пациент ауруханаға 2022 жылғы 9 қарашада өте ауыр жағдайда түсті. Бала жағдайында күйік мөлшері үлкен, 65 пайыз болды. Біздің ауруханада күйікпен емделіп жатқан кез жағдайы жақсарды", - дейді ол.
Ауруханадағы білікті дәрігерлер баланың сауығып кетуі және оң нәтижелерге қол жеткізуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды.