Алматы облысында "Діни тұрақтылық – ел дамуының тұғыры" тақырыбында отырыс өтті
Клуб жұмысының мақсаты – түрлі сенім мен дін ұстанушылары арасында конфессияаралық және дінаралық диалог пен келісімді сақтау және нығайту; түрлі конфессиялардың ұстанушылары арасында дінаралық диалогты, өзара түсінісушілікті, сыйластық пен серіктестікті дамыту; әлеуметтік қызмет, бейбітшілік саласында тәжірибе алмасу мақсатында түрлі діни қайраткерлер арасында тығыз байланыс орнатуға ықпал ету; діни экстермизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жасау; қоғамның бірлігі мен татулықты нығайту мақсатында конфессиялар мен ұлттар арасындағы конструктивті диалогті дамыту жолдары. Діни бірлестіктер жетекшілері клубының жұмысына облыс аумағындаға ҚМБД-ға қарасты имамдар, өзге дін өкілдері, мемлекеттік қызметшілер, өңір дінтанушылары қатысты.
Сурет: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Сурет: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Іс-шара қазақ халқының мәдениетін, салт-дәстүрін, тарихын дәріптеу мақсатында Есік қалалық "Алтын адам" музеймен танысудан басталды.
Сурет: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ары қарай ұлттық ойынды дәріптеу мақсатында "арқан тарту", "гір көтеру" секілді ойындарымен дін қызметкерлері өзара күш сынасты.
Сурет: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Сонымен қатар, дін өкілдері қоғамның бірлігі мен татулықты нығайту мақсатында конфессиялар мен ұлттар арасындағы конструктивті диалогті дамыту жолдары бойынша өздерінің ой-пікірімен бөлісіп, өзара түсінісушілікті, сыйластық пен серіктестікті алға тарта отырып, облыстың дамуына қосатын үлестерінің маңызы зор екендігін жеткізді.
Шара қорытындысы бойынша: Діни бірлестіктердің өкілдері ұйымдастырушы тарапқа өздерінің алғысын білдіріп, алдағы уақытта қайта жалғасын табуға тілекші болды.