«Әз Наурыз – ұлттық сананың, ұлттық бірліктің жарқын көрінісі» тақырыбындағы Клуб отырысы
Бүгінгі күнге дейін діни бірлестіктер жетекшілерінің барлығы ХІІ Клуб отырысы өткізілді.
2023 жылдың алғашқы отырысы Наурыз мейрамы қарсаңында «Әз Наурыз – ұлттық сананың, ұлттық бірліктің жарқын көрінісі» тақырыбында ХІІІ рет ұйымдастырылып отыр.
Клуб жұмысының мақсаты – түрлі сенімдер мен діндердің ұстанушылары арасында конфессияаралық және дінаралық диалог пен келісімді сақтау және нығайту; түрлі конфессиялардың ұстанушылары арасында дінаралық диалогты, өзара түсінісушілікті, сыйластық пен серіктестікті дамыту; әлеуметтік қызмет, бейбітшілік саласында тәжірибе алмасу мақсатында түрлі діни қайраткерлері арасында тығыз байланыс орнатуға ықпал ету; діни экстермизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл ету; қоғамның бірлігі мен татулықты нығайту мақсатында конфессиялар мен ұлттар арасындағы конструктивті диалогті дамыту жолдары.
Діни бірлестіктер жетекшілері Клубының жұмысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, басқа дәстүрлі және дәстүрлі емес діндер өкілдері, мемлекеттік қызметшілер, бұқаралық ақпараттық құралдары өкілдері, өңір дінтанушылары жалпы саны 40 адам қатысты.
Ісшара аясында сөз сөйлегендер, Басқарманың бөлім басшысы Ж. Ескендиров, Орталық директорының орынбасары А. Асанов, аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы А. Медеуова, РАТТ мүшесі А. Шағырбай, Енчбай Сәкен - Алматы облысы, Іле ауданы, Н.Тілендиев ауылдық мешітінің бас имамы. Кадыркулов Сергей - Алматы және Жетісу облыстарындағы Евангел Христиан-Баптисттерінің бас пресвитері.
Іс-шара қазақ халқының мәдениетін, салт-дәстүрін, тарихын дәріптеу мақсатында «Ж. Жабаев» атындағы музеймен танысудан басталды. Одан кейін клуб мүшелері «Атадан мал қалғанша тал қалсын» қазақ мәтелін жаңғырту мақсатында Ұзынағаш ауылындағы «Шынасыл» мешітінің айналасына достық көшетін отырғызумен, «Ел іші өнер кеніші» ұлттық нақыштағы ән-жырдан шағын концерттік бағдарламамен, «Асығын ата алмаған сақасынан көрер» ұлттық ойынды дәріптеу мақсатында «асық ату», «тоғыз құмалақ», «арқан тарту», «гір көтеру» секілді ойындарымен, «Бірлігі күшті ел азбайды» аталы дәстүрді дәріптеу мақсатында ұлттық тағам бұрышынан дәм татып, «Наурыз көже» ішумен жалғасын тапты.