Жаңалықтар тізбегі
0

Құрылыс компаниясы Ақтөбе тұрғынына 10 миллион теңге қайтарып берді

Құрылыс компаниясы Ақтөбе тұрғынына 10 миллион теңге қайтарып берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2023 17:14 Сурет: pixabay
Бүгінгі таңда нарықта көптеген шағын және ірі құрылыс компаниялары мен фирмаларын, жеке құрылыс бригадалары мен шеберлерді кездестіруге болады. Олардың барлығы құрылыс-монтаждау қызметтерін ұсынады.

Өкінішке қарай, олардың арасында жосықсыз орындаушылар немесе белгілі бір себептермен жұмыстарын аяқтамай кететіндер де кездеседі. Мәселен, сондай компаниялардың бірі алдын ала төлем алып, өз жұмысын аяқтамай, тапсырыс берушінің алдын ала жасаған төлемін қайтармаған.

Клиент Петров А. (аты өзгертілген) бір жыл бойы өз құқықтарын қорғаумен айналысты, бірақ нәтиже болмады. 2022 жылдан бастап 2023 жылдың маусым айына дейін құрылыс фирмасы тапсырыс берушінің өтінішін елемей келген. Ағымдағы жылдың 1 маусымында Петров А. "Ақтөбе облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау орталығы" қоғамдық бірлестігіне алдын ала төлем сомасын қайтару туралы өтінішпен жүгінген. Қайтарым жасауға себеп - құрылыс фирмасының сәулеттік жоба бойынша қаңқалық үй жинағын орнату шартының талаптарын бұзуы болды.

Құрылыс компаниясы Ақтөбе тұрғынына 10 миллион теңге қайтарып берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2023 17:14

Сурет: pixabay

"А.Петровпен келісе отырып, құрылысы аяқталмаған қаңқалы жеке тұрғын үйді тексеріп, барлық кемшіліктер көрсетілген құжатталған техникалық акт жасалды. Мен құрылыс фирмасына талап-арыз жолдағаннан кейін жауап келмеді. Содан соң мен сотқа талап-арыз дайындап, жауапкерді хабардар еттім", - дейді "Ақтөбе облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау орталығы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ислам Болатов.

Сотқа дайындалу барысында құрылыс фирмасының басшысы байланысқа шығып, қарызды толық мойындады. Қоғамдық бірлестік төрағасының айтуынша, осы қоңыраудан кейін клиент пен жауапкер арасында медиациялық келісім жасалған. Осы келісімнің нәтижесінде құрылыс фирмасы А.Петровқа 10 млн теңге көлемдегі алдын ала төлемді қайтарды. Осылайша қоғамдық бірлестік тұтынушының құқығын қорғады.

Айта кететін жайт, кез келген аймақта қоғамдық бірлестіктер бар. Сондықтан кез келген тұтынушы тұрып жатқан қаладағы қоғамдық бірлестіктің көмегіне жүгіне алады. Ол жерде сізге консультация беріледі, сонымен қатар туындаған жағдайды талқылап, тұтынушылық дауды шешуге көмектеседі.

Ашық деректердегі көптеген ақпараттарда сарапшылар құрылыс компаниясын немесе мердігерді таңдаған кезде келесі сипаттамаларға назар аудару керектігін айтады:

  • құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге лицензия;
  • тиісті нарықтағы компанияның тәжірибесі кемінде 3 жыл болуы керек;
  • жақсы құрастырылған шарт және объективті смета;
  • меншікті техникалық база;
  • кәсіби мамандар командасы;
  • орындалған жұмыстардың үлгілері;
  • орындалған жұмысқа кепілдік.
Құрылыс компаниясы Ақтөбе тұрғынына 10 миллион теңге қайтарып берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2023 17:14

Сурет: pixabay

Тағы бір артықшылық - құрылыс компаниясы үшін жабдықтарды, құрылыс материалдарды және т.б. жеткізетін серіктестердің болуы. Құрылыс компаниясын таңдау барысында мұқият болсаңыз бір күндік фирмаға тап болу мүмкіндігі азаяды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: