Жаңалықтар тізбегі
0

Рүстем Құрманов СҚО әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Кадрлық тағайындау, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2023 18:55 Сурет: gov.kz
Рүстем Құрманов Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рүстем Жомартұлы Солтүстік Қазақстан облысының тумасы, 1981 жылы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Новоишимск ауылында дүниеге келді.

Көкшетау мемлекеттік университетін экономика және менеджмент мамандығы бойынша тамамдады. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 2003 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ақмола облыстық аумақтық басқармасында жетекші маман болып бастады.

2009-2018 жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігінде түрлі басқарушы лауазымдарда қызмет етті.

2018-2019 жылдары "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдинг" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болды.

Бүгінгі тағайындауға дейін ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып қызмет атқарды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: