Ақтөбе облысындағы автогаз тапшылығы: Сұйытылған мұнай газының қосымша көлемі бөлінді

Автогаз тапшылығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2023 15:24 Сурет: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
ҚР Энергетика министрлігі жоспарға сәйкес, Ақтөбе облысына биылғы жылдың үшінші тоқсанына 32 945 тонна сұйытылған мұнай газын бөлді, оның ішінде тамыз айында - 12 399 тонна. Сондай-ақ осы айда қосымша 1 213 тонна сұйытылған мұнай газын бөлу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облысының энергетика және ТКШ басқармасының ақпаратына сүйенсек, 4 тамыздағы жағдай бойынша өңірге 2 295 тонна газ жөнелтілді.

"Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласының автогаз құю станцияларында сұйылтылған газды бөлшек саудада өткізу құны 1 литр үшін 54 теңгені, ал облыс орталығынан шалғай аудандарда (200 километрден астам) 1 литр үшін 59 теңгені құрайды. Ақтөбедегі жанар-жағармай құю бекеттеріндегі ахуал бақылауда", делінген облыстық әкімдік хабарламасында.

Облыс әкімі Ералы Тоғжановтың тапсырмасымен басқарма мамандары 47 автогаз құю станциясына барды. Газ 36 бекетте сатылымда болды. Қалғандарына өнім алдағы екі күнде жеткізіледі.

Айта кетсек, тамыз айынан бастап Ақтөбеде автогаз тапшылығы қылаң бергені белгілі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: