Қарағанды облысында Шахтер күніне арналған салтанатты іс-шаралар кілт тоқтатылды

Қарағанды облысының әкімдігі Шахтер күніне арналған барлық салтанатты іс-шаралар шахтадағы қайғылы оқиғаға байланысты тоқтатылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстан" шахтасындағы қайғылы оқиғаға байланысты Шахтер күніне арналған барлық салтанатты іс-шаралар тоқтатылады", делінген хабарламада.
17 тамызда Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-тың "Қазақстан" шахтасының конвейерлік лентасы өртенді. 222 кенші жер бетіне шығарылды. Бесеуі қаза тапты.
ТЖМ басшысы "Қазақстан" шахтасындағы өртті сөндіру неге ұзаққа созылғанын түсіндірді
ҚР ҚК-ның 277-бабы, 2-бөлігі ("Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Іс Қарағанды облысы прокуратурасының бақылауында.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript