"Шаһар шырайы": Almaty TV Жұмысшы мамандықтары жылына орай жаңа жоба ұсынады

«Шаһар шырайы»: Almaty TV Жұмысшы мамандықтары жылына орай жаңа жоба ұсынады, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2025 12:19 Сурет: Аlmaty.tv
Almaty TV эфирінен көрсетілетін "Шаһар шырайы" арнайы жобасы әр түрлі салада тер төгіп жүрген қарапайым алматылықтар туралы болмақ. Жобада қарапайым қызметкерлер, фельдшер, құрылысшы сияқты маңызды мамандық иелері қамтылады.

Олар әр сейсенбі мен бейсенбіде қиындығы да, қызығы да мол мамандықтарының маңызы жайлы баяндайды.

Жобаның түпкі түйіні – адал еңбек етіп жүрген жұмысшылардың кәсібилігі мен еңбекқорлығын өзгелерге үлгі етіп, қалың көпшілікке қаламыздың, еліміздің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген мамандарды таныстыру.

"Шаһар шырайы" жобасының алғашқы кейіпкері – жас маман Дастан Жақия. Ол 8 жылдан бері "Алматы Тазалық" коммуналдық кәсіпорнында механизатор болып еңбек етіп келеді.

"Маған өз жұмысым ұнайды. Сегіз жылдан бері жұмыс істеп, бала-шағамды, отбасымды асырап келемін. Ата-анам адал еңбекпен ғана жетістікке жетуге болады деп үйретті. Техниканы игеру икемділікті, жауапкершілікті талап етеді. Сүйікті ару қала Алматымыздың өркендеуіне, қанат жайып, көркеюіне үлес қосып жүргеніме ризамын", – дейді ол.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды "Жұмысшы мамандықтары жылы" деп жариялаған еді. Сонымен қатар, Президент техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалауды тапсырды.

Айта кету керек, Almaty TV телеарнасынан жуырда "Made in Almaty", "Алматы аудандары", "Алматы көшелері" және "Кері байланыс" сияқты бірқатар жаңа бағдарламалар жарық көреді. Сондай-ақ жаңалықтар "Экономика жаңалығы" және "Қала тынысы" айдарларымен толықты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: