Сыр өңірінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аясында республикалық патриоттық форум өтті

Патриоттық форум, Сыр өңірі, Ұлы Жеңіс, 80 жылдығы, Қызылорда облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2025 18:58 Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар мерекелері қарсаңында "Жастық жалынымыз – Сүйікті Отанымызға!" атты тақырыпта республикалық патриоттық форум өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған республикалық деңгейдегі шара Қызылорда облысы әкімдігі, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен, облыстық білім басқармасы, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің ұйымдастыруымен өтті.

Патриоттық форум колледж ауласында әскери-патриоттық митинг пен Мәншүк ескерткішіне тағзым жасаудан бастау алды. 

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Форум аясында "Мәншүк маршы" патриоттық шеруі ұйымдастырылады. Қазақтың мақтанышы – Мәншүк Мәметованың есімі ешқашан ұмытылмайды. Қазақтың батыр қызының ерлігін дәріптеу арқылы жастарды патриотизмге, отаншылдыққа, Мәңгілік елдің айбынды азаматы болуға тәрбилеу мақсатындағы шара жыл сайын Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында өтеді.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін де "Жастық жалынымыз – Сүйікті Отанымызға!" тақырыбында өткен шеруге еліміздің біршама аймақтарынан 500-ден аса студент қыз қатысуда. Тек қана қыздардан сап түзеген, Мәншүк ізбасарларынан кұрылған "Мәншүк маршының" мақсаты – форумға қатысушы Мәншүк ізбасарлары – белсенді, жалынды жастардың бойында Отанына, туған жеріне деген елжандылық, патриоттық сезімін арттыру, рухани құндылықтарды жетілдіру. Оларды өз елінің жігерлі де қайсар ұрпағы ретінде отансүйгіштік бағытта тәрбиелеу, азаматтық белсенділігін қалыптастыру, тарихты құрметтеуге үндеу.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: