Astana International Forum: Роза Отунбаева Қазақстанға келеді

Роза Отунбаева, Астана,  Astana International Forum, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2025 19:40 Сурет: видеодан алынды
Роза Отунбаева - БҰҰ Бас хатшысының Ауғанстан бойынша арнайы өкілі және БҰҰ-ның Ауғанстанға жәрдемдесу жөніндегі миссиясының басшысы 2025 жылдың 29-30 мамырында Астанада өтетін Astana International Forum-ның құрметті қонағы болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Форумның Telegram-дағы арнасында Роза Отунбаеваның видеосы жарияланды.

"Мен - Роза Отунбаева, БҰҰ Бас хатшысының Ауғанстандағы арнайы өкілі және UNAMA басшысымын. Астанада өтетін маңызды форумда Орталық Азияның Шығыс пен Батыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің қилысы ретіндегі айырықша рөлі туралы айтамын. Мен тұтас аймақтың ажырамас бөлігі ретінде Ауғанстаннан келетін қиындықтар мен мүмкіндіктердің бүкіл аймақтың әлеуетін іске асыруға тікелей әсер ететініне назар аударамын. Сонымен қатар халықаралық қоғамдастықтың қолдауымен Орталық Азия елдерінің Ауғанстандағы жағдайды шешуде және елдің алдағы онжылдықта алдына қойып отырған барлық сын-тегеуріндерді шешуде қалай шешуші рөл атқара алатыны туралы егжей-тегжейлі айтып беремін", - дейді ол.

Айта кетсек, Роза Отунбаева - Қырғыз Республикасындағы беделді саясаткерлердің бірі, ол 2010 жылы уақытша үкіметті басқарған, тіпті аумалы-төкпелі уақытта уақытша президент міндетін де атқарған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: