Еуразиялық экономикалық одақтың кеден қызметтері Біріккен алқасының кезекті отырысы өтті

Еуразиялық экономикалық одақтың кеден қызметтері Біріккен алқасының кезекті отырысы өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2026 19:52 Сурет: gov.kz
2026 жылғы 26 наурызда Бішкек қаласында Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиевтің басшылығымен өткен қазақстандық делегациясы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден қызметтері Біріккен алқасының 53-ші отырысына қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отырыс барысында тараптар ЕАЭО кеңістігінде бірқатар тауарларды біркелкі сыныптау мәселелерін, сондай-ақ кеден органдары арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды одан әрі дамыту мәселелерін қарастырды.

Жеке блок ретінде кедендік транзит рәсімін жетілдіру, оның ішінде тауарларды жеткізу орындарына жеткізбеу жағдайларындағы құқық қолдану тәжірибесі бойынша нақты шешімдер талқыланып, қабылданды.

Сондай-ақ тараптар тауарлар шығарылғаннан кейін декларацияда мәлімделген мәліметтерге өзгерістер енгізу бойынша құқық қолдану тәжірибесімен, сондай-ақ кедендік құн декларациясын қолдану тәжірибесімен алмасты.

Кеден қызметтері басшылары кедендік процестердің бірізділігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар бірыңғай тәуекел индикаторларын бекітті.

Сурет: gov.kz

Отырыс барысында Қазақстан тарапы ЕАЭО елдерінің кеден қызметтеріндегі әріптестерінің назарын адал бизнес үшін кедендік операцияларды жеңілдету жұмыстарын жалғастыру қажеттігіне аударды.

Біріккен алқаның келесі отырысын ағымдағы жылдың 2 тоқсанында Қазақстан Республикасында өткізу жоспарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: